Түлкібаста үш бірдей мектептің құрылыс жұмыстары аяқталды

image.png

Түлкібас ауданда жалпы 60 мектеп бар. Оның 45-і жалпы білім береді. Мектеп басшылардың айтуынша ауыл-аймақта интернет желісі жұйелі жұмыс жасауда. Мектептердің бәрі дерлік бүгінде жаңа оқу жылын онлайн бастауға дайын.

Сондай-ақ ауданда карантин режиміне қарамастан құрылыс жұмыстарын жалғастырған үш бірдей мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Білім ұялары жаңа оқу жылына толықтай дайын болады,дейді мердігерлер. Құрылыс жұмыстарына қажетті қаржы «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық қордан бөлінген. 

Әр мектептің ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарымен қатар электр және дабыл қағу жүйесі толығымен жаңартылып жатыр. Сонымен қатар, М.Ломоносов мектеп гимназиясының кәріз және желдеткіш жүйесі жөнделген. Г. Титов жалпы орта мектебіне жаңа жылу жүйесі орнатылып жатыр. 

"Түлкібас ауданынды биылғы жылы 3 мектепте күрделі жұмыстар жүргізілуде. «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында жалпы қаралған қаржы: Лоионосов мектебіне 306 млн., Титов метебіне 61 млн.600мың тенге қарастырылған, және Байтурсынов мектебіне 28 млн. 800 мың тенге қаралған. Ауылдағы жұмыссыздарды  осы мектептерді жөндеу жұмыстармен қамтыды. 55 жұмыскер, 85 мың айлық алды", - дейді Сұлтанмұрат Қыпшақбаев, Түлкібас аудандық білім бөлімінің маманы.

 Үш бірдей білім ұясындағы күрделі жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін толық аяқталады. Бір айта кетерлігі «Жол картасы» бағдарламасы аясында аталмыш ғимараттардың құрылыс жұмыстарына тартылған еңбеккерлердің 50 пайызын жергілікті тұрғындар құрап отыр. Бұл еліміздегі төтенше жағдай кезінде жұмыссыз жүрген аудан тұрғындарына айтарлықтай қолғабыс болды.

"Аудан әкімдігіне рахмет, карантин кезінде жұмыспен қамтып жатқанына. Бір жағынан өзіміздің ауданымыздың мектебін жөндеуге үлес қосып жатқанымызға қуанамыз. Жұмыстар тоқтап жатқан кезде өзіміздің ауыл тұрғындарын осындай жұмыспен қамтып жатқан бағдарламалар көп болсын", - деді Мұхаммедәлі Кәкібаев, Түлкібас ауданының тұрғыны.

Мектепте қазір құрылыс жұмыстарының 95 пайызы біткен. Әр білім ұясының  ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары мен қатар электр және дабыл қағу жүйесі толығымен жаңартылған.

"Міне мектебіміз күрделі жөндеуден өтіп, қуантып жатыр. Құрылыстардың бәрі май айының 15-не басталып, осы тамыз айының 15-не толық аяқталады", - Қалжан Сатыбалдина, Түлкібас ауданы А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің директоры.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды