Ордабасы: Ағын су мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді

image.png

Су – барлық ресурстардың ішіндегі ең маңыздысы, адамзат тіршілігінің кепілі. Әлемде су тапшылығына, ішетін суға жарымай отырған елдер, халық санына байланысты БҰҰ-дан бастап көптеген халықаралық ұйымдардың бағалаулары жетіп артылады. Географиялық орналасуы, табиғи-шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты біздің еліміз үшін де су мәселесі үнемі қадағалауда ұстауды қажет етеді.

Ордабасыда бүгінгі күні ағын су мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді.

Бүгін аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков Бадам ауыл округіндегі механикалық тазалау жұмыстары басталған Ақбұлақ каналына барып, атқарылған тірліктерге қанықты.

Ақбұлақ каналын тазалау мәселесі мұндағы шаруаларды көптен алаңдатып жүрген еді. Аудан басшысының бастамасымен демеушілер арқылы бұл түйіткілдің түйіні тарқатылды.
Су арнасының жалпы ұзындығы 12 шақырымды құрайды, бұл канал арқылы 71 шаруашылық егістіктерін суғаруда.

Сондай-ақ,Түркістан аумағындағы тусырап, бос жатқан жерлерге ағын су келе бастады. Түркістан облысы мен облыс орталығындағы ағын су тапшылығын жойып, суармалы жерлердің тиімділігін арттыру және ағын су көлемін үнемдеу бағытында ауқымды жобалар қолға алынған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды