Сарығаштықтар «Ауыл-ел бесігі» жобасының шапағын көріп отыр

Түркістан облысында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

«Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. 

Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген.

Аталған жобаның шапағатын бүгінде сарыағаштықтар да көруде. Аудандағы жолдар жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енуде. Ауданға қарасты Қабланбек ауылдық округінде 16 көшеге, яғни 18,8 шақырым жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Бүгінгі таңда мердігер мекеме «DSM SERVICE» ЖШС-і тарапынан ұзындығы 500 метр Т.Айбергенов және ұзындығы 1200 метрді құрайтын Татулық көшелерінің жол жөндеу жұмыстары аяқталуға жақындап қалды. Ал қалған 14 көшенің жол құрылысы жұмыстары жоспарға сәйкес қыркүйек айында толығымен аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Атап өтсек, Қабланбек ауылдық округі аудан орталығынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан. 

Қазіргі уақытта ауылдық округ аумағындағы көшелердің жалпы ұзындығы 102 шақырым болса, оның ішіндегі 39,2 шақырым қанағаттанарлық жағдайда, ол жолдың 46 пайызын құрайды. 

Алдағы уақытта «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 16 көшенің 18,8 шақырымы жөндеуден өткізілгеннен кейін қанағаттанарлық жолдардың үлесі 58 пайызды құрайтын болады. Айта кетсек, 2020 жылы аудан бойынша жалпы 34 көшенің 55,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды