Сарыағаш: Араб әмірлігінен гуманитарлық көмек келді

image.png

Жақында еліміз әлем елдерінен елде коронавирус індетінің кең етек алып, медициналық қажеттіліктер тапшы болғандықтан гуманитарлық көмек сұратқан болатын.
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты Біріккен Араб Әмірлігі аталған көмекті елімізге көрсеткендердің алғашқылардың бірі болатын. Енді бүгін Араб әмірлігінен гуманитарлық көмек Сарыағаш аудандық орталық ауруханаға жетті. 

Алдағы уақытта бұл медициналық құралдар мен дәрі-дәрмектер ақ халатты абзал жандар мен ауырған азаматтарға таратылатын (қызмет ететін) болады
Гуманитарлық көмек толықтай «Сарыағаш-адалдық алаңының» бақылауымен қабылданды. Және берілген көмек қатаң түрде науқастарға тегін ем көрсетуге, мұқтаж жандарға жұмсалатын болады.
Алдағы уақытта келген гуманитарлық көмек аудан халқына пайдасын тигізері сөзсіз.

Естеріңізге сала кетейік, пандемия кезінде Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткен елдер баршылық. Қашықтан оқу кезінде компьютер, аурумен күресу үшін медициналық қорғаныш құралдары, дәрі-дәрмек келді. Тәжірибе алмасып, қазақстандық науқастарды емдеуге жәрдемдесу үшін бірқатар елдің дәрігерлері де ат басын тіреді. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды