Сайрам сапалы сүт өнімдерін ұсынады

image.png

Түркістан облысы Сайрам ауданында  «Хан» сауда маркалы кәсіпорыны еліміздің барлық жеріне сүт өнімдерін экспорттайды. Зауыттың негізгі қызметі - жартылай қатты ірімшік «Кашар» өндіру.

ханский сыр

Шараванов Камалиддин Нематжанұлы Түркістан облысының Сайрам ауданына қарасты Ақбұлақ ауылында туып-өскен. 1999 жылы Селжук университетінің экономика және әкімшілік ғылымдар факультетіне түсіп, 2004 жылы бітірді. Кейін Шымкент "Мирас"университетінде қаржы саласында екінші жоғары білім алды.

Камалиддиннің 2005 жылы Түркиядан туған ауылы Ақбұлаққа келіп жеке кәсібін бастайды. Жас кәсіпкер бизнесін бастау үшін несие алмай, Анталияға барып, инвесторлармен кездесіп, келісімге келген.

Кәсіп ашу үшін бастапқыда 475 мың доллар кеткен. Оның 200 мыңың несиеге, 138 мың долларды туыстарынан алып, қалғанын Түркиядан келген серіктесі төлейді. Қажетті құрал-жабдықтарды да серіктесі көтерген. Камалиддин Түркиядан технолог шақырып, 2007 жылы бизнесін бастайды. Егер қазір зауыт күніне 20 тонна сүт қабылдайтын болса, әуелде ол 200 литрден басталған.

Кейіннен серіктесі бұл кәсіптен кетіп, Камалиддин кәсібін жалғыз жалғастыруға мәжбүр қалады. Кәсіпкердің айтуынша ол бұл жағдайда өзінің мақсаттылығының, тұрақтылығының арқасында жеткен.

Өткен жылдың қараша айында ол сүт сатып алу көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдап, қосымша қаражат алу мақсатында Халық банкіне жүгінеді (ол бұрын Казкоммерцбанкпен жұмыс істеген), сол жерде кәсіпкерге «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша несие алу ұсынылады. Бағдарлама өңдеу өнеркәсібінің компанияларына негізгі құралдарды сатып алуға және айналым капиталын толықтыруға қаражат алуға мүмкіндік береді. Камалиддиннің айтуынша, бағдарламаның шарттары өте қиын, бірақ пайыздық мөлшерлеме небәрі 6% құрайды.

Кәсіпкер алынған қаражаттың барлығы сүт сатып алу көлемін ұлғайтуға, яғни фермерлерге жұмсалғанын айтты.

Бүгінде компанияда 50-ге жуық адам жұмыс істейді, сондай-ақ зауытта 15 түрлі өнім өндіріледі. Сүт тез бұзылатын өнім болғандықтан, қызметкерлердің әрқайсысы жеке оқытылады.

ханский сыр

Зауыт тек жоғары сапалы табиғи сүт қабылдайды. Алынған сүт дереу зертханаға жіберіледі, онда май, қышқылдық және су құрамы тексеріледі. Одан әрі пастеризация жүреді, содан кейін процесс сүттен жасалынатын өнімге байланысты жүреді: ірімшік, айран, сүзбе немесе т.б.

Қиындықтар мен жиі кездесетін бәсекелестікке қарамастан, Камалиддин «қазақстандықтарды табиғи өнімге отырғызуға» ниетті. Қазір компания өндірістік аймақта участке сатып алды. Ендігі мақсат сатып алынған аймаққа жылыжайлар салып, сүт өндіретін және тамақ өндіретін шағын зауыттар ашқысы келеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды