Ордабасы: «Тауар таңбасын заңсыз пайдалануды болдырмау» бойынша семинар өтті

image.png

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында бүгін «Тауар таңбасын заңсыз пайдалануды болдырмау» тақырыбында онлайн семинар болып өтті. Семинар әділет басқармасының басшысы Б.Нұрпейісов ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн- форматта аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен өткізілді.

Семинар барысында зияткерлік меншік саласындағы «Тауар таңбасын заңсыз пайдалануды болдырмау және Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторын жақсарту мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, әлемнің экономикалық форумының жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік көрсеткіштері жыл сайын жарияланып тұрады. Ол жердегі Қазақстанның көрсеткіші жылдан жылға жақсарып келеді. Елбасының Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілгендей біз 2050 жылға дейін алғашқы 30 елдің қатарына кіруіміз керек. Осы көрсеткіштердің ішінде Әділет органдарының негізгі қызметтерінің бірі болып табылатын зияткерлік меншік құқығын қорғау саласы да бар. Зияткерлік меншіктің бір нысаны болып табылатын – тауар белгілері, ол осы саладағы заңнамалардың, атап айтқанда Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының және бірқатар халықарылық келісімдердің нормаларына сәйкес тіркеледі. Тауар белгілерін тіркеуді  зияткерлік меншік ұлттық институтымен және Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі зияткерлік меншік құқығы департаменті болып табылатын уәкілетті орган жүзеге асырады

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды