Созақ: Індетпен күресте белсенді болған азаматтар марапатталды

image.png

Созақ ауданы әкімі Салыхан Полатов коронавирус індетімен күресте белсенділік танытып жүрген азаматтарды марапаттады. Атап айтар болсақ, жеке кәсіпкер Нұрланов Базарбай Нұрланұлы, Созақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының дәрігер-эпидемиолог Аққұлиев Қайратбек Әбдіхалықұлы, Шолаққорған ауыл округ әкімі Әділ Елібаев Камалұлына Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейрім» медалін табыстады.

Елімізде коронавирус індетімен күрес басты назарда. Осындай сәтте көпшілікпен бірге болып, бастарын қатерге тігіп, күрескен, халыққа көмек қолын созған сіздерге аудан халқының атынан алғысымды айтамын»,- деді аудан басшысы. 

«Бұл менің туған жер алдындағы перзенттік борышым. Барша отандастарымыз індетті жеңіп кетуіне шын ниетпен тілектеспін. Бейбіт, мамыржай өмірімізге тез оралайық»,- дейді аудандық орталық ауруханаға екі ИВЛ аппаратын алып, көпке үлгі болған Базарбай Нұрланов.

Айта кету керек Құрбан айт мерекесі күні, Қазақстан халқы Ассамблеясының дәрігерлерге «Мың алғыс» акциясы аясында «Мейрім» медалі, Созақ аудандық Орталық ауруханасының Бас дәрігері Талғат Әлішерұлы Қалдыбеков пен Таукент кенті емханасының меңгерушісі Құрманбекова Алма Мейрамбекқызына да таққан болатын.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды