Ордабасы: Көшелер сапалы электр қуатымен қамтылады

image.png

Электр қуаты өте өзекті сұрақ, әрі маңызды мәселе. Ордабасы көшелері қазірде электр қуатымен толық қамтамасыз етілу процесінен өтуде. Атап айтар болсақ Қараспан ауылының Бекмурзаев, Ынтымақ, Қалыбеков, Теріскей, Абай, Ырыс көшелері. Аталған көшелерді электр қуатымен қамтамасыз ету үшін 3 трансформатор орнатылып, 7,4 шақырым электр желілері тартылды. Нәтижесінде 189 тұтынушы сапалы электр қуатымен қамтылды.

Сондай-ақ, биыл Төрткүл ауылы жаңа құрылыс аумағында 228 тұтынушыны сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 3 трансформатор, 9,9 шақырым электр желілерін жүргізу жоспарланған.

Шұбарсу, Төрткүл ауыл округіндегі Елшібек батыр және Қызылжар ауылдарына және Бөржар ауыл округіндегі Ынтымақ ауылына трансформатор орнату үшін қаржы қаралып, қазіргі таңда Төрткүл және Бөржар аумақтарындағы жұмыс толығымен аяқталды.

Сонымен қатар, Қажымұхан ауылында 2 көшені электр жүйелерімен қамту бойынша құрылыс жұмыстары басталды.

Шұбарсу ауылын электр энергиясымен қамту 2-кезеңде жүзеге асады.

Бұл бағытта тиісті қаржы бөлініп, жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды