Созақтықтар дәрігерлерге алғысын жаудырды

image.png

Дәрігерлерге мың алғыс. Осындай атаумен басталған республикалық акциясы әлі де жалғасуда. Игі іске мұрындық болып, ат салысқан аудан халқы дәрігерлерге құрмет көрсетіп, ілтипат білдіруде.

Созақ ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков бастаған топ аудандық аурухананың провизорлық бөлімшесінде өз отбасынан, балаларынан алыстап, коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер мен кіші медициналық қызметкерлерге алғыс білдірді. Құрбан айт мерекесімен құттықтап, мерекелік сый-сияпаттарын тарту етті.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбеков «Құрметті медицина қызметкерлері! Сіздер елімізге пандемия басталғалы бері күн-түн демей арпалысып, отбасыларыңыздан жырақта білімдеріңіз бен күштеріңізді жұмсап, бастарыңызды қауіп-қатерге тігіп аянбай еңбек етіп жатырсыздар. Сіздерге осынау еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Сіздерге мықты денсаулық, кәсіби өрлеу, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз» деп ақжарма тілегін жеткізді. Созақ аудандық Орталық ауруханасының Бас дәрігері Талғат Әлішерұлы Қалдыбеков пен Таукен ткенті емханасының меңгерушісі Алма Мейрамбекқызы Құрманбекованың өңірлеріне Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Мейірім» медалін тақты.

Акцияға Созақ ауданы әкімдігі мен Жастар Ресурстық Орталығы қызметкерлері, JasOtan жастар қанатының мүшелері, Value волонтерлар ұйымы белсене атсалысты.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды