Ордабасы: Мұқтаж жандарға көмектесу - адами борыш

image.png

Қайырымдылық жасау - қазақтың қанында бар қасиет. Қазақ сонау заманнан қандасын қиын жағдайда қалдрмаған қайсар халық. Оның тағы бір дәлелі сол, ордабасылық қайырымдылар ауылдастарына баспана алып берді.

Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылының тұрғындары көп болып жұмылып, жағдайы төмен отбасыларға үй салып беруде. Келешекте бұл дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.

Ордабасы ауданы, Бадам ауылының 1983 жылы туған   азаматтары  игілікті бір істі қолға алып, ауылдастарын қуантуда.  Олар ортадан қаржы жинап,   көп балалы ана Жазира Ақбаеваға  баспана сыйлады.

Бес баласы бар Жазираның бұған дейін баспанасы болмаған.  Азаматтар  бұл үйдің ірге тасынан бастап, шатырына дейін жауып, тіпті, үйдің ішін қажетті жиһаздарға да толтырып берген. 

Жалпы, Ордабасы ауданында мұндай жұмыстар жасау үрдіске айналған.  Облыс әкімінің бастамасымен құрылған «Қайырымдылық»  шарасы негізінде  бірқатар шаралар өзге  ауылдарда  да атқарылған. Бұл өз кезегінде үлкен нәтижелер беріп келеді,- дейді ел азаматтары.

Келешекте өзге де қайырымдылық шаралары мен ауылдастарына үй сыйлау дәстүрі жалғасын таппақ. Осыған байланысты алдағы уақытта бой көтеретін баспаналардың  іргетастары қаланып та қойылған.   Дәстүрге айналған игілікті істі ауыл перзенттері кезегімен атқара бермек.  

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды