Созақ: Мониторингтік жұмыстар өз жалғасын тапты

image.png

Қазіргі таңда елде орын алған  карантин режимі мен эпидемиологиялық жағдайға байланысты дәрі-дәрмек, азық-түлік бағасын бақылауда ұстау аса маңызды болып отыр. Сондықтан да еліміздегі барлық дерлік қала мен ауыл-аудандарда аса қажетті заттардың бағасын тұрақты бақылауда ұстау қолға алынған.

Созақ ауданында да осы мақсатта дәріханаларға мониторинг жұмыстары жүргізілді. Бүгін 21 шілде күні "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының сектор меңгерушісі, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшесі Н.Қошқарбаев, Созақ  аудандық «Адалдық алаңы» жетекшісі Ж.Тулепбергенов, Созақ аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшысы Х.Оспанов  және аудандық мәслихат депутаты, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Тұрғанбаев, аудандық мәслихат депутаты, Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Г.Әлімбекова, "Value" волонтерлар ұйымының жастары аудан орталығында орналасқан дәріханалардың жай-күйімен танысты.
Аудан орталығында 7 дәріхана орналасқан. Бүгінгі таңда 4 дәріхана жұмысын атқаруда (ЖК «Айжан» дәріханасы, ЖК «Тастанбекова» дәріханасы, ЖК «Камшат» дәріханасы, «Б-Нұрдәулет» дәріханасы).   
  Мониторинг жұмыстары барысында дәріханалраға баға тұрақтылығын сақтау керек екендігі ескертілді. Сондай-ақ дәріханаларда "Парацетомол" , "Аспирин", "Антигриппин" "Цеф-3", "Дексаметазон" дәрі-дәрмектерінің тапшылығы анықталды.
Мобильдік топтың аралау нәтежиесінде бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтар болсақ, ЖК «Тастанбекова» дәріханасында тұтынушыларға дәрі-дәрмекті босату кезінде есіктің ішкі терезесі (окошка) арқылы берілетіні анықталды. Кезекте тұрған тұтынушыларға ауасы ыстық дүңгіршек (бутка) қолайсыздық туғызуда. Сонымен қатар, ЖК «Камшат» дәріханасында сатушы қызметкердің бірреттік резина қолғап (перчатка) кимегендігі және дәріханада резина қолғаптың жоқ екендігі және де осы аталған дәріханада чек беретін аппараттың тиісінше жұмыс атқарылмай тұрғандығы да анықталды.
Жоғарыда көрсетілген мәселелер дәріхана басшылықтарына ескертілді және мониторинг топтың аудандық дәріханаларды зерттеу барысында анықталған кемшіліктер тиісті мекеменің бақылауында болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды