Сарыағаш: Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту басты назарда

Ауыл — Ел бесігі — Expo and Women

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы жылғы 27 ақпандағы «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде еліміздегі 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту мақсатында перспективалы ауылдарды іріктеп, сол ауылдарда әлеуметтік саланы дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастыратын «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. 

Жобаның басты мақсаты негізінен ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында Сарыағаштықтар белсенділік танытуда. ОНың ішінде Жартытөбе ауылдық округіндегі 11 көшенің 23,3 шақырымына, ал Қабланбек елді мекеніндегі 16 көшенің 18,8 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 

Сондай-ақ, аудан орталығы Сарыағаш қаласында ағымдағы жылы 3,7 шақырым көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, биыл «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» жобасы аясында республикалық бюджет есебінен ауданда 5 көшенің 9 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстары мұнымен де тоқтап қалмақ емес, ол әрі қарай да өз жалғасын табатын болады. Аталған жоба ауданның гүлденуіне, ондағы ауылдардың жандануына біршама үлесін қосары анық.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды