Түлкібас: Сақтық шаралары қатаң бақылауда

image.png

Сақтықта қорлық жоқ. Қазір індет өршіген заманда сақтық шаралары халық қауіпсіздігі үшін бірінші орында болуы тиіс. 

Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №26 қаулысына сәйкес коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында аудан әкімі Н.Байғұттың тапсырмасына сәйкес аудан әкімдігі жанынан арнайы құрылған жұмысшы топтар сенбі-жексенбі күндері жұмыс істеп тұрған дүкендерді аралап, кәсіпкерлік нысан өкілдеріне және тұрғындарға бас санитар қаулысындағы арақашықтықты сақтау, үш адамнан артық шоғырланбау және үнемі бетперде тағып жүру сынды шектеулерді сақтау қажеттігін түсіндіріп, жадынама парақшаларын таратуда.
Айта кетейік, мұндай түсіндіру жұмыстары аудандық полиция, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдері әкімдік қызметкерлерімен бірігіп кент және ауылдық округ аумақтарында тұрақты түрде жүзеге асырылуда

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды