Қақпақ ауылы округіндегі кәсіпкерлік нысандарға 2020 жылғы 25 маусымдағы №25 қаулысымен "Шектеу ic-шаралары туралы және Туркістан облысының Бас санитариялык дәрігерінің қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Түркістан облысының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 6-маусымдағы №23 каулысына төмендегідей өзгерістер енгізілді:
«Базарлардың (азық-түлік, азык-түлік емес, аралас, сонымен қатар автокөлік базарлары) жұмыс режимін жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмысы тоқтатылсын»;
«Сұлулық салондарының, шаштараздардың (алдын ала жазылу бойынша) жұмыс режимі сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектелсін»;
«Қонак үйлер мен санаторияларды қоспағанда, халықтың туруына кызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдарының (демалыс үйлepi, туристік базалар, бассейндер, жағажайлар) кызметіне тыйым салынсын»;
«Қоғамдық тамақтану объектілерінің (50 орынға дейін, ұжымдьқ ic-шараларсыз), ашьқ жазғы алаңдардың жұмысы шеткі көрші үстелдерден 2 м.-ден кем емес әлеуметтік кашықтықты сақтай отырып жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сагат 10.00-ден 21.00-ге дейін шектеліп, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмысы тоқтатылсын»;
«Жұмыс күндері супермаркеттерің, минимаркеттерің және үйдің жанындағы дүкендердің жұмысы (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс режимі шектелсін»;
«Азық-түлік емес сауда орталықтарының жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін, демалыс кундері (сенбі-жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын»;
«Сауда саласында соның ішінде піскен тағамдарды, фасфуд,жұмсақ балмұздақ, сусындар, сату дүңгіршіктерінің жұмыс күндері уақытша шектеумен (дүйсенбі жұма) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын»;