Түлкібас: Үш бірдей мектеп қайта жөндеуден өтуде

Түлкібас ауданында үш бірдей оқу ордаларында күрделі қайта жөндеу жұмыстары жүргізгелі отыр. Айта кетерлігі, аудан аумағында осыған дейін де бірнеше мекемелерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

image.png

Бүгін аудан әкімі Н.Байғұт көп жылдан бері жөндеу жұмыстарын қажет ететін ауданымызға қарасты Мичурин ауылдық округіндегі Г.Титов атындағы жалпы орта мектебіне арнайы барып, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында іске асып жатқан білім ошағының күрделі жөндеу жұмыстар барысымен танысты.
Бұл жерде мектептің ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары мен қатар электр және дабыл қағу жүйесі толығымен жаңартылып, жаңа жылу жүйесі орнатылады.

Құрылыс жұмыстарын аралаған аудан басшысы ғимараттың сырқы келбетін жаңбыр мен желге төзімді сайдник материалымен қаптау қажеттігін және мектептің артқы бөлігіндегі қоршауын жаңарту керектігін ескертіп, аудандық білім бөлімінің басшысына сыртқы құрылыс жұмыстары басталмай тұрып қайта есептеу жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында ауданымызға қарасты А.Байтұрсынов, М.Ломоносов атындағы білім ошақтарына күрделі жөндеу жұмыстары сәуір айының аяғында басталып, бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде.
Айта кетерлігі, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында аталмыш ғимараттардың құрылыс жұмыстарына тартылған жұмысшылардың 50 пайызын жергілікті тұрғындар құрап отыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды