Қазығұртта коронавируспен күрес қарқын алды

қазығұрт.jpg

Елімізде жалпы жаһанда болып жатқан коронавирус пандемиясына байланысты республика көлемінде төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Бекітілген режим бойынша бірқатар өзгерістер мен жеңілдетулер енгізілгенімен еліміздің территориясында карантиндік режим жалғасуда.

Қазығұртта 19 сәуір сағат 00:00-ден бастап карантин режимі енгізілді. Осыған орай аудан аумағында арнайы шұғыл әрекет ету Штабы құрылды.

Жалпы аудан бойынша 16 жылжымалы дыбыс күшейткіш қондырғылары бар автокөлік, 37 тұрақты (мешіт, мәдениет үйлеріндегі) дыбыс күшейткіш арқылы Түркістан облысы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 17.04.2020 жылғы №13 қаулысымен қабылданған карантин режимі туралы хабарланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ Қазығұртта карантин кезінде жол шектеулері енгізілді. Ауданға автокөлік құралдарының барлық түрлерінің және азаматтардың келуіне және шығуына тыйым салынды. Ендігі кезекте штаб комиссиясы көмегімен ауданда карантин режимі қатаң бақылауға алынатын болады. Әрине, бұл бірінші кезекте тұрғындар қауіпсіздігі үшін жасалынып отырған шара.

Тұрғындар карантин режимі біткенше медициналық бетперде тағып жүруге міндеттеледі. Оған қоса, аудан ішіне полициямен 7 блок пост құрылып, (Ақтас, Қазығұрт, Сарапхана, Шарбұлақ, Айнатас, Ақжар, провизорлық бөлім) ауданда қозғалу схемасы әзірленіп, қалған жолдар жабылды. Блок-посттарда жеке қорғаныш құралдарымен, қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, жеке бас гигиенасын сақтауға жағдай жасалды.

Аудандағы бірқатар мекемелердің жұмыстарына шектеу қойылып, басқаларының жұмыс уақыты өзгерді. Мәселен, азық-түлік дүкендерінің жұмысы сағат 09.00-ден сағат 20.00-ге дейін шектеліп, қоғамдық тамақтану обьектілері өз бетінше шығару немесе тапсырыспен жеткізу режиміне өтіп, жабылды. Ал банк, Қазпошта онлайн режимде жұмыс істеуге және «клиентке дейін жеткізіп беру» принципімен жұмыс жасауға көшті.

Ал аудан халқын қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлердің жұмысы әрі қарай жалғасуы үшін Шымкент қаласынан азық-түлік, дәрі дәрмек, аралас заттар және құрылыс заттарын алып келуге 231 рұқсат қағазы берілді. Бүнгінгі таңға азық-түлік өнімдері 1 ай көлеміне жеткілікті. Аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағалары да билік тарапынан қатаң қадағаланып отрады.

Ауа тамшылары арқылы жұғатын дертпен күресте аудандағы дезинфекция жұмыстары да едәуір септігін тигізіп жатыр. Аудан бойынша мемлекеттік ұйымдардың 51, орта білім беру ұйымдарының 71 ғимараты дезинфекцияланды.

Дезинфекциялау қызметтерін көрсететін ұйымдармен 77 балабақша, сауда орыны, 21 қымызхана, 25 қоғамдық тамақтану орны, 19 мешіт, 15 шаштараз, 5 қоғамдық монша, 4 ойын залы, 7 тойхана, 1 базар, 9 дәріхана, 6 өндірістік нысан, 2 стомотология дезинфекцияланды. Сонымен қатар, аудан орталығындағы көшелер мен тұрғын үй аулалары да назардан тыс қалған жоқ. Тек аудан іші емес, ауданға қарасты ауылдар да дезинфекция жұмыстарынан өткізілді. Қазығұрт, Қ.Абдалиев және Жаңабазар ауыл округтерінде орналасқан барлығы 21 көп қабатты тұрғын үйлер кіре берісі, ауласымен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Елімізде карантин енгізілген барлық өңірлердегі секілді Қазығұртта да қалааралық, ауданаралық, ауданішілік бағыттардығы 1 автобекеттің, 4 автотұрақтың қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылды.

Ал коронавирус дертіне шалдыққан науқастарды оқшаулау мақсатында ауданда провизорлық госпиталь жұқпалы аурулар бөлімінің базасында 30 төсек орын қарастырылып, 1 бокс палата орнатылды. Жалпы 16 палата болса, оның ішінде 9 палатаның толықтай жабдықталды. Одан бөлек аудан орталығында №11 санаторий типтес арнаулы мектеп интернатының базасында обсервациялық пункт белгіленді. 

Жалпы провизорлық 30 орын, карантиндік 100 орын қарастырылды. Аудандық жұқпалы аурулар ауруханасының провизор бөлімінің күзеті күшейтіліп, периметрі бойынша 12 бейнекамера, күзет ғимаратына бақылау пункті орналастырылды.

Науқастардың өмірі, оларды басқа да тұрғындардан оқшаулау, емдеп шығу – аудан алдында тұрған басты мақсаттардың бірі. Себебі тек жұмыла әрекет еткенде ғана, енгізілген төтенше режимін ұстанып, әр адам өзі жіне өзгенің өмірі үшін жауапкершілікті толықтай сезінгенде ғана бұл дертті жеңіп шығарымыз анық.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды