Ардагерлерге құрмет ерекше

image.png

Сұрапыл соғыстың оты өшіп, Ұлы Жеңістің туы желбірегеніне міне, 75 жыл. Бүгінгі ұрпақ үшін ол дүбірлі мереке болғанымен, бұл жеңістің өтеуі тым ауыр болғанын ұмытпауымыз керек. Мерекеге орай, Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт Отан үшін, бейбіт болашақ үшін күрескен соғыс ардагерлерінің үйіне арнайы құттықтап барды. Бүгінде, Түлкібас ауданында сұм соғыстың талай зардабын басынан өткізген 5 ардагер ғұмыр кешуде. Аудан басшысы атаулы мерекеде Асқаров Әбдіғаппар, Александра Мащенко, Әбдімомын Ибрагимов, Төлебай Қонысбеков, Мұраталы Төлепбергенов атты майдангерлерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жіберілген Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтау хатын табыс етті.

Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі дегендей, аудан әкімі соғыс алаңында батырлардың жаужүрек ерлігіне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта отырып, бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерлерге алғысын білдірді. Сондай-ақ, ардақты ардагерлерге мемлекет тарапынан 1 миллион теңге, ал, аудандық кәсіпкерлердің демеушілігімен 200 мың теңге қаржылай сыйақы берілді. Жеңіс күні қанша уақыт өтсе де, қилы өзгеріс болып жатса да, ұрпаққа ең ыстық мереке болып қала бермек.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды