Ексең егін - ішерсің тегін

image.png

Көктем мезгілі толассыз жаңбыр, еріген қар, бірде жылымық, бірде қатаң қара суығымен ерекшеленеді. Табиғат ананың қайта түлейтін мезгілінде тағы бір маңызды шаруа – егіс науқаны қатар жүреді. Қазақта «көктемнің бір күні жылға азық» деген мақалдың түпкі мәні зор. Сондықтан қапы қалмауды көздеп, жыл бойғы азық-түліктің қамын жасауда қимылдап қалатын кез осы. Осы орайда Қазығұрт ауданында егіс егу жұмыстары да қарқын ала бастады. Техникаларды дайындау, шаруашылық жұмыстарын қамдау - ауыл шаруашылығы саласы мамандарының көкейіндегі маңызды мәселе. Осыған байланысты ауданда көктемгі дала жұмыстарын өз кезегінде аяқтау жоспарлануда.

 «САПА 2002» шаруа қожалығында жалпы алты мың гектер жер бар. Егін бітік шығу үшін заманауи техникаларды қолданып, жерді өңдеу, тұқым себу, ылғал жабу жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізуде. Мұндағы шет елдік «Pamreana» техникасының тиімділігі жерді айдамай топырағын қопсытпай-ақ дәнді дақылдарды себуге мүмкіндігі бар. Осы технологияның көмегімен  шаруашылық  үш  мың гектер жерге  дәнді дақыл сепкен.

"Мұрат Тәшімбетов 10 жылдан бері осы қожалықта түрлі техниканы меңгерген азамат. Бүгінде темір табанды тізгіндесе, астыққа орақ түскенде комбайнды, ал күзге қарай жер жыртуға кірісеміз", - дейді Ерәлі Әшір, «Сапа 2002» шаруа қожалығының басшысыОл үшін барлық жағдай жасалғандығын да айтады.

"Аудан көлемінде 2020 жылдың өніміне 32 320 гектар күздік бидай егілген.  Ауыл шаруашылық техникаларынан көктемгі дала жұмыстарына 2365 дана техника қатысуға дайын екен. Дизель отынын да жеңілдікпен сатып алған  аудан  шаруалары мен  қожалықтар 1040 тоннаға сұраныс беріп,  бүгінде толығымен пайдалануда", - дейді жүргізуші Мұрат Ташімбетов.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды