Түлкібаста мал шаруашылығы қарқынды даму үстінде

Импорттық сиырлар кепіл сұрайды | Inbusiness

Түлкібас ауданы тек алмасымен ғана аты шыққан өңір емес. Табиғаты керемет аймақта соңғы жылдары мал шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді. Мәселен, аудан мал бордақылау алаңдарының саны 117-ге жетті. Бұл ауыл шаруашылығы мамандарының жақсы көрсеткіш көрсетіп отырғандығын білдіреді.

Соңғы жылдары бордақылау ісінде алға ілгерілеушілік байқалады. Өйткені мұнда мал бордақылау кәсібіне мықтап ден қойған шаруалар қатары жыл санап көбеюде. Түлкібас аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сенсек, биылғы жылы 74 кәсіпкер 10-15 бастық мал бордақылау алаңдарын салуды жоспарласа, соның 64-і жоспарларын жүзеге асырып, өз жұмысын бастап кеткен.Бүгінгі таңда аудан аумағындағы жалпы 117 мал бордақылау алаңдарында 1550 бас жылқы, 3400 бас ірі қара, 700 бас уақ мал бордақылануда. Өндірілген еттің негізгі бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларына жөнелтілуде.

Түлкібас ауданы соңғы жылдары жеміс-жидек өсіру бағытында ғана емес сондай-ақ мал шаруашылығын дамытуда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Қуантарлығы сол аудан тұрғындары мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолындағы азын-аулақ малының қарасын көбейтіп, бордақылау алаңдарын көптеп ашуда. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген тұрғындар мәселесіне ерекше тоқталып: «Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек», деп атап өткен болатын. Осы бағытта бүгінгі таңда Түлкібас ауданы күрделі жұмыстар атқарып келеді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды