Өз кәсібін ашты

93076a36cf9b1536ac0385b8d692ddae.jpg

Елімізде  жаппай  кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы қолға алынғаны белгілі. Жоба бойынша бизнес бастауды қалап жүрген жандар әр сала бойына білімін жетілдіріп, оқуға жолданады. Сетрификатқа ие болғандың ішінден кісіп бастап жатқандары да жетерлік. Мәселен   Түркістан қаласының тұрғыны Жандар Исламбек «Ырыс» микроқаржы ұйымының «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 2 млн. теңге несие алған. Бүгінде жас кәсіпкер автокөлік май сүзгілерінің 286 түрін өндіруде. Осы кәсібі арқылы 8 адамды жұмыспен қамтып, айына 20 мың дана сүзгі шығаруда.  Бұл сүзгілер Түркістан облысы мен Шымкент қаласына сатылымға шығарылған. Тұтынушылары баршылық.

«Тұңғыш Президентіміз өз Жолдауында елдің әл-ауқатын жақсартып, кәсіпкерлікті дамыту жөнінде тың міндет жүктеген болатын. Елбасымыздың «Түркістан» еркін экономикалық аймағын құру туралы Жарлығы да Түркістанның дамуына тың серпін береді. Осы орайда біз секілді кәвіпті енді бастап жатқан азаматтарға қорлдау білдіріп отырған үкіметке алғысым шексіз»,- дейді Жандар Исламбек.  

Айта кетейік, «Ырыс» микроқаржы ұйымы шылған сәттен бастап 17367 жобаны қолдап, 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орынын ашылуына ықпал етті.  «Жас кәсіпкер» бағдарламасы шеңберінде 18 бен 29 жас аралығындағы іскер жастарға 20 млн. теңге несие берілген. Сонымен бірге, «Ырыс» микроқаржы ұйымы фермерлерге алдын-ала төлемсіз қаржы лизингін беріп, «Ырыс-Өркендеу» деп бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге ауылшаруашылық техникасын және ауылшаруашылық техникасын сатып алуға қолдау көрсетуде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке