Күн сәулесінен электр энергиясын өндіретін станцияның іргетасы қаланды

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында күн сәулесінен электр энергиясын өндіретін станцияның құрылысы басталды. Сағатына 20 мВТ тоқ шығаратын заманауи нысанның іргетасы Жылға ауылдық округінде қаланып отыр.

1_226.jpg

 Құрылыстың салтанатты ашылу рәсіміне Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиев, аудандық маслихат хатшысы Жәнібек Сүлейменов, «ЕкоПроТех-Астана» ЖШС директоры         Назиржон Темиров және Жылға ауылының бір топ тұрғындары қатысты.

Жалпы құны 14 млрд. теңгені құрайтын жобаны іске асыруды  «EcoProTech-Astana» ЖШС қолға алып отыр. Құрылыс жұмыстарының жалпы жер аумағы 41 гектарды  құрайды. 

Айта кетейік,  «EcoProTech-Astana» ЖШС құрылтайшысы германиялық «DAY ENERGY GmbH» компаниясы. Аталған мекеме энергияны жаңарту саласындағы жобаларды дамыту мен фотовольттық панельді және су энергиясын өндіруге негізделген.  Күн сәулесінен өндірілген электр энергиясын теміржол саласына қолдану жобасы әлемде алғаш рет қолға алынып отыр.

Қазіргі таңда «EcoProTech-Astana» ЖШС-гі мемлекеттік сараптама қортындысын алып, жобаны қаржыландыру үшін банктермен келісім-шарт жасасып жатыр.  Сондай-ақ, олар жобаға қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп беретін компаниялармен келісім жасасып, алғашқы қаржыларын аударып та қойған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке