Түркістан облысында білім беру инфрақұрылымы дамуда

Түркістан облысы Сарыағаш аудан әкімі Мұхит Отаршиев 1 қыркүйек - Білім күні мерекесіне орай Жылға ауылдық округіндегі жаңадан пайдалануға берілген 300 орындық Ғ.Мустафин атындағы №44 орта мектептің ашылу салтанатына қатысты. Салтанатты шарада аудан басшысы ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен яғни «Білім күнімен» құттықтай отырып, алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушыларына «Әліппе» оқулықтарын табыстады. 

image.png

«Оқушылардың жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына бар мүмкіндікті қарастыру біздің басты міндетіміз. Сол себепті жаңа заманға сай аудан мектептерін цифрлық білім беру ресурстарымен қамту, кең жолақты интернетке қосу және видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстары жалғасуда. Шындығында ертеңгі күн бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Сондықтан ел ертеңінің жарқын болуына, сауатты да салауатты ұрпақ қалыптастыруда мемлекет үшін білім саласы қашан да маңызды болып қала бермек» - деді аудан басшысы.

Мұнан соң аудан басшысы Жібек жолы ауылдық округіндегі №58 Ә.Марғұлан атындағы орта мектепке қосымша 300 орындық жаңадан пайдалануға берілген мектепте болды. Жаңа білім ордасында жалпы аумағы - 1,64 гектар аумақта 300 орындық оқу корпусы, спорт зал, асхана және шеберханалар орналасқан. Мұхит Баймұханбетұлы жаңа білім ордасын аралап көріп, ұстаздардың еңбегіне сәттілік тіледі. Мектепте барлық заманауи пән кабинеттері қарастырылған.

Айта кетерлігі, биыл жаңа оқу жылын Сарыағаш ауданындағы 77 мемлекеттік және 2 жекеменшік, 1 дарын мектебі 57577 оқушымен бастап отыр. Олардың ішінде 2995 оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, қолдарына жаңа «Әліппені» ұстады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді