Жұмыртқамен қамтамасыз етіп отыр

dfcc97af9301bf5daa2dd7fa4304d265.jpg

Жан басына шаққанда, бір жылда адам қанша жұмыртқа тұтынуы керектігін анықтайтын норматив бар.  Мамандардың мәліметінше Түркістан қаласының тұрғындарына жылына 36 миллион жұмыртқа қажет екен. Түркістандықтардың жұмыртқаға деген қажеттілігін өтеу үшін шаһарда  «Яссы құс» шаруа қожалығы құрылған. 

Онда немістің көп жұмыртқалайтын тұқымының тауықтары өсірілуде. Кәсіпорын былтыр жұмыртқа бағытындағы 22 мың шөжені Алматыдан әкеліп, жобаның бірінші кезеңін іске қосты. Бұл тауықтар 26 сағатта бір жұмыртқа салады.  22 мың құс күніне 20 мың жұмыртқа табады десек, бір жылда 7 миллионнан асады екен. Кәсіпорыннң  2-кезеңін іске қосу үшін шаруашылық иесі АТФБанктен 73 миллион теңге несие алған. 15 пайыздық үстемеақымен. Оның 7 пайызын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы мемлекет төлейді, ал кәсіпкерге 8 пайызы  қалады. Бүгінде Бельгиядан қажетті құрал-жабдықтарды әкеліп, жұмыртқа бағытындағы 32 мың бас құсты өсіруде. Осылайша шаруа қожалығы  қала халқын жұмыртқамен толығымен қамтамасыз етпек.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке