Сарыағашта тәртіп сақшылары 155 құқықбұзушылықты тіркеді

сарыагашрейд.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен өңірде covid-19 коронавирустық инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында карантин режимі енгізіліп, эпидемиологиялық жағдай қалыпқа келгенге дейін шектеу шаралары қолданылғаны белгілі. Осыған байланысты, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, Сарыағаш ауданында полиция қызметкерлері мен мүдделі органдар өкілдерінен құрылған мобильдік топтар күн сайын рейдтік және түсіндіру іс-шараларын жүргізуде.

Мобильдік топтар карантиндік режимнің сақталуы мақсатында 1392 нысанды тексерді, оның ішінде алаңдар мен саябақтар, базарлар мен дүкендер, сауда орталықтары мен көңіл көтеру орындары, кафелер, моншалар мен демалыс аймақтары, қоғамдық көлік және адамдар көп жиналатын басқа да орындар бар. Нәтижесінде полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша 155 құқықбұзушылықты тіркеді. Барлық жайттар бойынша жинақталған материалдар Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады