Үш тәулікте 150 құқықбұзушылық анықталды

Келесполициясы.jpg

Түркістан облысында өткен «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасында Келес ауданының полицейлері 150-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Тәртіп сақшылары құқықбұзушылықтарды анықтап қана қойған жоқ, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын да жүргізді.

Үш тәулікте полицейлер 28 жайт «ұсақ бұзақылық», 12 ішімдік ішу немесе мас халде қоғамдық орында болу жағдайларын анықтады. Жол қауіпсіздігін сақтау бойыншажылдамдықты арттырған 1 жайт, көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы бойынша 17 жайт, жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау бойынша 15 жайтты тіркеді.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер 4 дерек, кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау 1 дерек, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуына байланысты 7 дерек тіркелді. Және тағы ӘҚБтК-нің 492-бабы «Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» бойынша 9 хаттама, 517-бабы «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан РТеспубликасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша 2 хаттама толтырылды. Сонымен қатар, профилактикалық есепте тұратын 110 азамат тексеріліп, 2 азамат есепке қойылды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері егер, сіз кезекті тәртіп бұзушылықтың, қоғамдық орында болған құқықбұзушылықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабар беріңіздер деп ескертеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады