Түркістан облысында құқық бұзғандарға 57 млн теңге айыппұл салынды

кам.jpg

Жыл басынан бергі екі айда Түркістан облысында жаңадан орнатылған заманауи фото және бейнетіркегіштер жүйелерімен 34 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, 57 миллион теңгеден аса айыппұл салынды. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Түркістан облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Әкімшілік практика бөлімі фото-бейне жүйелермен жұмыс атқаратын қызметкерлері қарқынды жұмыстар жүргізуде. Әкімшілік айыппұл салу тәртібімен ұйғарымдар шығарылып, оларды төлетуге бағытталған жұмыстар күнделікті атқарылуда. 

 Түркістан облысы көлемінде сегіз дана «Трафиксканер», бір «Интегра» интелектуалдық қиылыс, төрт дана жылжымалы «Крис-П» үш дана «Арена» және бір дана фото радарлы комплекстері өткен жылдың 15 қазанынан бастап жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, Түркістан қаласында орнатылған төрт «Трафиксканер» облыс орталығында көлік құралдарының басқару жылдамдығын мен жолдың қарама-қарсы бағытына шығу сияқты құқық бұзушылықтарын анықтайды. Сонымен қатар, аталған құрылғылар жолдың екі бағытын да бейнетіркегішке алып отырады. «Интегра» интелектуалдық құрылғысы қиылыс, көшелер қиылысында бағдаршамның тиым салынған белгісін, тоқтау сызығын басу, қарама-қарсы бағытқа шығу сияқты құқықбұзушылықтарды анықтайды. «Крис-П» және «Арена» құралдары республикалық маңызы бар жолдарда жылдамдықты асыру жайтын анықтауға бағытталған жұмыстарды атқарады. 



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады