Түркістан облысында құқықбұзушылардан 24 млн теңге өндірілді

айп.jpg

Түркістан облысының Полиция департаменті қызметкерлері биыл қаңтар және ақпан айларында құқық бұзушыларға салынған айыппұлдардың жартысынан астамын өндірді. Жергілікті бюджетке түскен түсімдер туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Түркістан облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Әкімшілік практика бөлімі фото-бейне жүйелермен жұмыс атқаратын қызметкерлері қарқынды жұмыстар жүргізуде. Әкімшілік айыппұл салу тәртібімен ұйғарымдар шығарылып, оларды төлетуге бағытталған жұмыстар күнделікті атқарылуда.

Екі айдың қорытындысында құқық бұзғандарға салынған айыппұлдардың көлемі 57 млн 412 мың 707 теңгені құрады. Аталған ауқымды суммаға полиция қызметкерлері тарапынан 34 мың 317 хаттама толтырылған. Айыппұлдардың 24 млн 357 мың 516 теңгесі өндірілген.

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Түркістан қаласында С.Қожанов атындағы көшесінің бойында орналастырылған №15 жалпы орта мектебінің алдында «Скат ПП» атты фото бейне камерасы іске қосылғалы жатыр. Оның атқаратын жұмысы көлік құралының жылдамдығын анықтау, жаяу жүргіншіге басымдылық бермеу, тиым салынған жерге көлік құралымен тоқтау, жаяу жүргіншілерге арналған тротурамен жүру, қарама-қарсы бағытпен көлікті басқару, артқа қарай жүру сияқты құқықбұзушылықтарды анықтау болып табылады. Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға жол-қауіпсіздік ережесін сақтап, жолда абай болу керектігін ескертеді.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады