Түлкібас ауданы Арысты қалпына келтіруде белсенді жұмыс істеуде

Screenshot_4.jpg

24 маусымда орын алған Арыстағы төтенше жағдай – тек, Түркістан облысын, Шымкент қаласын ғана емес, барша Қазақстан жұртын алаңдатқаны белгілі. Міне, сол сындарлы сәтте Қазақстан халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, арыстық ағайындармен бірге болды. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арыстықтарға барынша қолдау көрсетілтінін, көмек берілетінін арнайы келіп айтты. Президент тапсырмасына сәйкес, қазір Арыс қаласының тұрғындарына барлық облыс, барлық аудандар жан-жақты қол ұшын созып жатыр. Қазір Арыстағы жарылыстан қираған, бұзылған үйлер қайта қалпына келтірілуде. Арысты қайта қалпына келтіру үшін барлық облыс, қалалар өздеріне бөлінген секторды алып, сонда жұмыстар жүргізуде. 

Ең алдымен, жұмыс қызар күні Арыс қаласындағы Алматы қаласы мен Түлкiбас ауданына бекiтiлген 14-шi сектордың əр 10 үйге жауапты белсендi азаматтарының қатысуымен облыс əкiмiнiң кеңесшiсi Ұласбек Сәдібеков атқарылған жəне алда атқарылатын жұмыстар туралы жиналыс ɵтіп, түсiндiру жұмыстары жүргiзілдi. Сөйтіп, Алматы мен Түлкібас штабының арнайы техникалары қоқыстарды тазалау жұмыстарын жүргiзді. Қала тұрғындары медициналық қызметтер көрсетілді. Әрбір арыстыққа берілетін 100 мың теңгеге байланысты тиісті құжаттар қабылданды. Бұлармен қатар, жарылыстан қираған үйлерге күрделі жөндеу жұмыстар жүргізуді бастап кетті. Қазіргі таңда бірнеше үй қалпына келтіріліп, тұрғындар кіргізіле бастады. Алда әлі атқарылатын жұмыс көп. Ең бастысы – тұрғындар разылығы. Бұл туралы Арыста жұмыс істеп жүрген Түлкібас жастар орталығының белсенді еріктісі Ислам Джолбасқанов: 

– Бәрінен бұрын – тұрғындардың разылығы. Олардың жүзінен қуаныш табын көру бір бақыт. Хаық ризашылығы үшін жұмыс істеу бізді қуантады. Алдағы уақытта бізге бөлінген секторда жұмыс толықтай бітеді. Арыстан алғыс арқалап қайтатынымызға қуаныштымыз, - дейді. 

Жуық арада Арыс толықтай қалпына келтіріліп, қайта гүлденетін күн алыс емес.  

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті
  • Мақтаралда 5 мектепте IT сыныптары ашылды
  • Түнгі Иірсу көшелері сүттей жарық болады
  • Көпбалалы ана жиһаз цехын іске қосты
  • Ауыл клубтары қайта жаңғырады