Түлкібаста алма өсіру ісі өркендеп келеді

Screenshot_8.jpg

Түлкібас ауданы тек Түркістан облысына ғана емес, бүкіл Қазақстанға өзінің алмасымен танылған десек қателеспеген болар едік. Көпшіліктен "Алматының апортынан басқа қай жердің алмасын білесіз?" деп сұрасаңыз, Түлкібасты айтары сөзсіз. Оған дәлел, отандық телесериалдарда Түлкібасты - алманың Отаны етіп көрсететіндігінде. Міне, енді елдің түсінігіндегі осы абыройды сақтап қалу керек. Осыған орай, Түлкібаста жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына алма бауын өсіруге барынша жағдай жасалуда. 

Мысалы, бүгінгі таңда Түлкібастағы «Кентау» ЖШС барлық бау көлемі 210 гектар болса, оның ішінде қарқынды бау көлемі 160,0 гектарды құрайды.

Аталмыш шаруашылық серіктестік фуджи, голден делишес, айдалет, редделишес, семерянка сынды алма сұрттарынан өнім алады. Экологиялық тұрғыда таза Түлкібас алмасын соңғы замануи талаптарға сай соғылған, сыйымдылығы 2000 тоннаға дейін қауқарлы арнайы қоймада сақтап, қыс мезгілінде еліміздің әр өңірінің сауда орталықтарына өткізеді.

Түлкібас ауданы таулы аймақта орналасқандықтан алма бау шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Сондықтан ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішінде жеміс-жидек шаруашылығы негізгі даму бағыты ретінде қолға алынған. Мемлекет тарапынан көрсетілген (2007-2018 жылдар аралығында) қолдаудың нәтижесінде аудан бойынша барлығы 2500 га жерге жаңа алма баулары отырғызылды. 2018 жылы жеміс-жидектен 25,150 мың тонна өнім жиналды. Жиналған өнімнің бір бөлігі аудан көлемінде жұмыс атқарып тұрған жалпы сыйымдылығы 8,9 мың тоннаны құрайтын 6 жеміс жидек және көкөніс сақтайтын қоймаларда сақталып, республакамыздың барлық жерлеріне экологиялық тұрғыдан таза өнім сатылды. Жеміс-жидектің сақтауға жарамайтын бөлігі аудан көлемінде жұмыс атқарып тұрған жеміс-жидекті қайта өңдейтін кәсіпорындарда өңделіп тұтынушыға ұсынылды. Түлкібас ауданының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың аймақтық бағдарламасына сәйкес 2022 жылы алма бау көлемін 4487 гектарға жеткізіп (оның ішінде 1000 га қарқынды бау) өндірілетін өнім көлемі жылына 60-65 мың тоннаға межелеу жоспарлануда. 

2019 жылы 250 гектар (оның ішінде 50 га қарқынды бау) жер көлеміне алма бау отырғызу жоспарлануда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті
  • Мақтаралда 5 мектепте IT сыныптары ашылды
  • Түнгі Иірсу көшелері сүттей жарық болады
  • Көпбалалы ана жиһаз цехын іске қосты
  • Ауыл клубтары қайта жаңғырады