Қазіргі таңда елімізде шағын және орта кәсіпкерлікке айтарлықтай көңіл бөлінуде. Өз ісін бастаймын деген азаматқа мемлекет барынша қолдау көрсетуге әзір. Тек, әлгі азаматта «істі соңына дейін жеткіземін» деген ниет болса болғаны. Ынта мен ниет бар жерде барлық мәселе шешімін табады.
Сондай ниетті жан - Түлкібас ауданының орталығы, Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Ақнұр Дүйсенбаева десек болады. Ол үй шаруасындағы көпбалалы ана. Күйеуімен бірге 6 баланы өсіріп, тәрбиелеп отыр. Жолдасы, үлкен баласы екеуі аудан орталығындағы шағын цехтарда жихаздар жасап, оны саудалап, нәпақа табатын.
Өз цехтарын ашайын десе, «қысқа жіп күрмеуге келмейді» демекші, қаражат жағы тапшы болып жүрген-ді. Үкіметтен тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек жайлы хабар көңілдеріне үміт ұялатты. Уақыт оздырмастан жергілікті әкімдікке тиісті құжаттарын өткізді. Көп ұзамай бұл отбасына Үкіметтен 1309116 теңге тағайындалып, бір бөлігі қолдарына берілді. Көкейлерінде жүрген мақсаттарын орындайтын сәт те келіп жетті. Яғни үйлерінің ауласынан шағын цех ашып, әкелі-балалылар түрлі жиҺаздар жасауға білек сыбана кірісті.
Тапсырысқа орай, үстелден бастап, орындық, диван, шифоньер, шкафтардың түр-түрін тәп-тәуір, сапалы етіп жасайды. Қазіргі уақытта табыстары артып, берекелері кіріп қалды. Отанасы Ақнұр Дүйсенбаева Үкіметтің осылайша қолдау жасағанына отбасының атынан алғыс білдірді.