Белгілі журналист Нұрділдә Ораз жаңа қызметке тағайындалды. Ол Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі – баспасөз хатшысы қызметіне келді деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Бүгін ведомствоның жаңа баспасөз хатшысы таныстырылғаны белгілі болды.
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен осы лауазымға Ораз Нұрділдә Серікұлы тағайындалды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, белгілі журналист бұл қызметте Алмас Сәдубаевты алмастырған.
Айта кетсек, Нұрділдә Ораз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ІІМ Қарағанды академиясын, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. Журналист "Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ-та да білім алған.
Бүгінде жұбайы, белгілі тележүргізуші Гүлнәз Әлімгереймен төрт баланы тәрбиелеп отыр.