Қалада соңғы үлгідегі қоқыс жәшіктері орнатылуда

Screenshot_15.jpg

Түркістан қаласында қазіргі таңда көптеген тың жаңалықтар көрініс табуда. Себебі, Түркістан "ақылды қалаға" айналып, сандық тұрғыда бәсекеге қабілетті қалалар қатарына қосылуда мүдделі. Осы арқылы қалаға келетін туристер санын арттыруда көздеп те отыр. Туристер де жан-жақты дамыған, өздеріне жағдай жоғары деңгейде жасалатын қалаға саяхаттап келуді қалайтыны белгілі. Жақын арада Түркістан бұл үдеден шыға білмек. 

Бүгінде Түркістан қаласының орталық көшелерінде арнайы қоқыс салатын жәшіктер қойылып жатыр. Бұл қоқыс жәшігіне пластик, қағаз, шыны, металл және тамақ қалдықтарын жеке-жеке тастауға болады. Осы арқылы қоқысты сұрыптап, оны өңдеу процесі жеңілдейді. Алдағы уақытта қаланың орталық көшелерінде мұндай қоқыс жәшіктерінің саны артады. Нәтижесінде тұрғындардың мәдениеті артып, қала тазалығын сақтауға деген ынтасы артады. Және де бұл қоқыс жәшіктері түрлі-түсті. Яғни, бірыңғай сұрқай түсті болып, қаланың көркін бұзып тұрған жоқ. Сонымен қатар, қоқыс жәшіктерінің экологиялық маңызы зор. Олар қоршаған ортаның бұзылмауына өз үлестерін қосады.

Түркістан алдағы уақытта таза қалаға айналып, туристердің ең сүйікті орнына айналатын болады. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды