Рухани астана Түркістан қаласында мейрамхана ісі қарқын алды. Қалада мейрамхана ашып, елді сапалы қызмет, дәмді аспен қамтамасыз етіп жатқан кәсіпкерлер саны күн өткен сайын көбейіп келеді.
Әсіресе сырттан келетіндерге қаладағы тамақтану орындары жоғары деңгейде қызмет көрсетуге тырысады. Соның бірі - Astau ұлттық тағамдар орталығы. Мұнда халыққа ұлттық тағамдар ұсынады. Сырттан келетіндерге, шетелдік туристерге қазақтың ұлттық тағамдары өте қатты ұнайды. Қазақтың ұлттық тағамдары өте құнарлы. Емдік қасиеті мол.
Қазақ халқы қонақжай, бар тәуірін қонаққа деп сақтаған. Екі - үш қонақ көрпесі, екі - үш қойы тұрмаған шаңырақты қазақ тақыр кедей санаған. Ал бар бола тұра қонаққа қадір құрмет көрсетпеген кісіні «шық бермес шығайбай» атандырған.
Иә қонақжайлылық, мейманды қабылдау, қонақасының жай - жапсарын жетік білу ата - бабамыздан қалған аса қастерлі салтымыз, дәстүріміз.
Жалпы мейрамхана бизнесі арқылы қала экономикасын көтеруге болады. Себебі мейрамханаға жан-жақтан азаматтар келіп, тамақтанып ақша төлеп кетеді. Ал бұл ақшадан мемлекетке салық төленеді. Мейрамханалардан түсетін салық мөлшері артқан сайын мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық ахуалы да артады. Сондықтан да қалада мейрамханалар санының артқаны өте маңызды. Жергілікті әкімдік тарапынан мейрамхана кәсібімен айналысқысы келетін кәсіпкерлерге заң шеңберінде барлық мүмкіндіктер жасалады.