Қақпаға қызығушылар көп

Screenshot_25.jpg

Түркістан қаласының тарихы тым тереңде жатыр. Қаланың бай тарихы үшін шетелден келетін туристер саны өте көп. Олар ең бірінші кезекте Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне кіріп, іштегі түрлі құнды жәдігерлмен танысады. Сорларды көре отырып, өткен заманның тыныс-тіршілігімен сусындайды. Кесене ішінде туристердің таңданысын тудыратын жәдігерлер өте көп. Солардың бірі - Қақпа. Жамағатхана (Қазандық) бөлмесіне кіретін басты «Қақпа» есігінің көлемі — 3,7х2,1 метр. Сыртқы бетіндегі өрнегі бедерлі белдеумен үш бөлікке бөлінген.

Есіктің бетінде мынадай жазулар бар:

«Барлық жағдайда да Алла Тағалаға мадақ болсын! Барлық жағдайда да Алла Тағалаға шүкіршілік болсын!».

«Әулиелердің есігі-бақыттың кені, әулиелерді жақсы көру — бақыттың кілті».

«Астанаңдағы (қасиетті табалдырығыңдағы) қызметші дәулетті болғай!».

Есіктің орта бөлігінде қағуға арналған балғаша орналасқан. Екі қола алқа мен тік төрт бұрышты тақташаларда хадис, Сағдидің «Гүлстан» жырынан үзінді және шебердің есімі таңбаланған.

Кесене гидтерінің айтуынша, туристер, әсіресе Австралиядан келетін туристер Қақпа алдында ұзақ бөгеліп, қақпа тарихы туралы мәліметтер сұратады екен. Биіктігі 4 метрге жуық қақпа кесененің қаншалықты биік болғандығын көрсетеді. Туристер қақпа алдында естелік фотоға түсіп жатады. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды