Түркістандағы Күлтөбе қалашығынан II-III ғасырға тән алтын әшекейлер табылды

Screenshot_17.jpg

Түркістандағы Күлтөбе қалашығынан II-III ғасырға тән алтын әшекейлер табылды. Зергерлік бұйымдар ескі қалашықта жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары кезінде анықталды.

Қожа Ахмет Ясауи қорық-музейі баспасөз қызметінің мәліметінше, табылған қазынаның ішінде сырғалар мен зергерлік бұйымдардың бірнеше алтын бөлшектері, түрлі моншақтар бар.

Ал Күлтөбедегі Хумдан пештің ішіндегі құланды қыштар арасынан араб баспасынан шыққан көлемі 10х20 см кітап табылған. Кітаптың сақталған қалыңдығы — 1,2 см. Археологтардың айтуынша, кітаптың мұқабасы көк түсті көнмен қапталған. Бірақ сақталуы нашар, парақтары бір-біріне жабысып қалған. Тіпті, ашып қарауға келмейді. Жазуы оқылуға келетін бірінші бетінен «Біз мұндайлардан емеспіз» деген сөйлемнің жобасы анықталған.

Бұл құнды жәдігерлер туристерге зор қуаныш сыйлары анық. Туристер Орта Азия елдеріне шығыстық үлгідегі көне ғимараттарды, шығыс өркениетінің көзі болып есептелетін көне бұйымдарды көру үшін қаражатын аямайды. Алдағы уақытта жаңадан табылған әшекейлер мен көне кітап туристерді көптеп тартатын болады. Әзірге Күлтөбе бойына талай сырды бұғып жатқаны анық. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі