Түркістанда өткен көрмеде бейбітшілік насихатталды

Screenshot_4.jpg

Бейбіт өмір салтын ұстанатын мемлекет әрқашанда өзгелер тарапынан сенімділік тудырады. Мұндай елге кез-келген турист ешқандай уайым-қайғы, күдіксіз саяхаттап келеді. Қазақстан қырып-жоюшы ядролық қарудан бас тартып, әлем елдеріне үлгі көрсеткен мемлекет. Бүгінде Қазақстанға саяхаттап келуші туристер саны артуда. 

Жақында Түркістанда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Ядролық сынақ – мәңгілік жара сыздаған» атты фото көрме өтті. 29 тамыз — Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күніне орай өткен шараға «Семей ядролық сынақ полигоны» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Құралтай Салықбаев, аталған бірлестіктің мүшелері Сәрсенбай Сейсенбеков, Тайыр Нәбиев және «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Screenshot_5.jpg

Көрмені «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков ашып берді. «2010 жылдың 29 тамызы – Бейбітшілік пен ядролық қатерді болдырмау үшін аса маңызды. Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қолдауымен бұл күн БҰҰ-ның күнтізбесіне енгізілгені белгілі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды. Қазақстан – мұндай қадамға барған алғашқы ел. Көшбасшы бастама дені сау, қайғысыз болашақ үшін жасалған серпінді қадам болып тарихта қалды», — деді Мұрат Мейірбекұлы.

Шараға келген қонақтар да ядросыз бейбіт тіршілік пен әлем алдындағы айшықты қадамдар жайлы пікір білдірді.

Көрмеге ядролық сынақтың қауіп-қатері мен қасіреті, денсаулыққа тигізер зияны туралы 50-ге тарта суреттер қойылды. Көрме арқылы бейбіт өмір салты насихатталып, тұрғындарды бейбітшілікке, татулыққа шақырды. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды