Мемлекеттік сатып алу: Түркістан облысында 372 млн теңге үнемделген

Түркістан облысында «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы сатып алу саласына жүргізілген мониторингілік жұмыстар жүргізілген. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 5 айда жалпы соммасы 372 млн теңгеге жуық бюджет қаржысы үнемделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

200610003835896a3659861i.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабайдың айтуынша, зерделеу жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері жоспарлаған мемлекеттік сатып алуда негізсіз бағаны өсіру фактілері көрініс тапқан. Қабылданған ұсыныстардың қорытындысымен мониторинг нәтижесінде өңірдегі бірқатар мекемелерге жоспарланған соманы медиандық бағаға келтіріп, қайта енгізу тапсырылған. Мәселен, Келес ауданының білім бөлімі мекемеге қажетті ВД-АК-111 маркалық бояу алу барысында 19 млн 610 мың теңге бюджет қаражаты үнемделген. 

Сондай-ақ, Жетісай ауданының білім бөлімінде де компьютер сатып алу кезінде 6 млн 991 мың теңгені үнемдеп қалған. Айта кетейік, жыл басынан бері аталған жүйені қолдану арқылы бюджет қаражатын мақсатсыз шығындау деректерінің жолын кесіліп отыр. Департамент қызметкерлері алдағы уақытта да бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермей, осы бағытта мониторинг жұмыстарын жүйелі түрде жүргізбек.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке