Түркістан облысындағы су тасқыны: үкіметтік комиссия құрылды

Түркістан облысындағы елді мекендерді су басудың салдарын жою үшін үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы үкімет басшысының сайтында хабарланды.

news_full15884015286984325302e1fff11403b0c9be6ec3fb.jpg

Тиісті бұйрыққа премьер-министр Асқар Мамин қол қойды.

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр басқаратын комиссия құрамына орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары кіреді.

Комиссияның алдына зардаптарды бағалау және су тасқынының салдарын жою, инженерлік, көліктік, әлеуметтік инфрақұрылымдар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру, сондай-ақ зардап шеккен халыққа әлеуметтік қолдау көрсету жүктелген.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында су тасқыны салдарынан 22 мың тұрғын эвакуацияланғанын мәлімдеген болатын.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке