Стамбұлдағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны үш адамға жетті. Ал, бортта болған 179 адам зардап шекті.
Түркия Денсаулық сақтау министрлігі Стамбұл әуежайындағы ұшақ апатынан қаза тапқандарға байланысты деректі жаңартты.
-Өкінішке қарай, үш азаматымыз қайтыс болды. Тағы 179 адам зардап шекті, олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр, - деді денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа.
Бұған дейін бір адам қаза тапқаны туралы хабарланған. Бортта барлығы 183 адам болған, оның алтауы – экипаж мүшесі.
5 ақпан күні Измир-Стамбұл бағытында рейс орындаған Pegasus әуе компаниясының Boeing 737-86J ұшағы әуежайға қонатын кезде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, жыраға құлады. Салдарынан ұшақ үшке бөлінген. Ұшақ апаты ауа райының қолайсыздығынан болған.