«Қазақстанда коронавирустың таралуы төмендеп келеді» – Алексей Цой

Қазақстанда коронавирустың таралуы төмендеп келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Алексей Цой.jpg

Министрдің дерегінше, науқастану көрсеткіші бойынша әлемдік рейтингтегі 221 елдің ішінде Қазақстан 108-орында, ал өлім-жітім бойынша 107-орында тұр. 

- Жоғары эпидемиологиялық тәуекел аумағында 10 өңір, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары тұр. Орташа эпидемиологиялық тәуекел аймаққа бүгінде Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Алматы және Қостанай облыстары кіреді. «Жасыл» аймақта - Түркістан мен Солтүстік Қазақстан облыстары, - деді министр. 

Оның айтуынша, елімізде 27 сәуірге дейін COVID-19-дың оң нәтижесімен 311 400, ал теріс нәтижесімен 52 431 науқас тіркелген. 

- Науқастанудың күнделікті динамикасы наурыз айының соңындағы 46 пайыздық өсім қарқынының өткен апта ішінде 8 пайызға дейін төмендеуімен сипатталады. Соңғы аптада оның алдындағы аптамен салыстырғанда өлім-жітім өсімі 30-дан 8 пайызға дейін төмендеді. Ахуалдың айтарлықтай тұрақтануы байқалады. Өңірлер аймақтағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып шектеу іс-шараларын түзетуді және қабылдауды жалғастыруда, - деді Алексей Цой.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Қазақстанда коронавирустың таралуы төмендеп келеді» – Алексей Цой
  • Цой тікелей эфирде QazVac вакцинасын салғызды (видео)
  • «Жерді жекеменшікке беруге қарсымын, оған халық дайын емес» - Мәжіліс депутаты
  • Байбекке тіл тигізген Мамайды Мәжіліс депутаты жекпе-жекке шақырды
  • Путин Зеленскийдің кездесу туралы ұсынысына жауап берді