Елімізде 50 педофил бостандыққа шықты

Биыл қамау орындарындағы 50 педофил бостандыққа шықты. Олар кәмелет жасқа толмағандарды зорлаған. Бүгінде елдегі колонияларда 1 861 педофил жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы телеарнасы. 

педофил.jpg

Құқықтық статистика комитетінің мәліметінше, 2021 жылы кәмелетке толмаған қазақстандықтарға қарсы құқық бұзушылықтар саны өсті. Педофилдердің әрекетінен қаңтардан сәуірге дейін 1 000 бүлдіршін зардап шеккен. Оларды зорлап, азғырып, өзіне қол жұмсауға итермелеген.

- Кейінгі бес жылда елімізде балаларға қатысты 3 893 зорлық дерегі тіркелген. 2016 жылмен салыстырғанда 2020 жылы кәмелетке толмағандарды зорлау 45,8 пайызға өскен. Қылмыстық-атқару органдарының орнына пробация қызметі құрылды, оның негізгі міндеті - сотталған адамды түзеу және қайта тәрбиелеу болған. Бірақ олар әлі бұрынғыдай жұмыс істеп жүр. Бұл істе ресмилік көп, - дейді Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл.  

Смағұл.jpg

- Бостандыққа шыққан қылмыскерлерге қатысты заңды қадағалаушы бекітіледі, оған соттың шешімімен бес жыл мен сегіз жыл аралығындағы уақыт беріледі. Олар құқыққорғау органдарының бақылауында болады, - дейді ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасының бастығы Бибігүл Мұңайтпасова.

Мунайтпасова.jpg

Ал сексолог Ирина Ким педофилдің өзгеруі мүмкін емес екенін айтады.  

- Шынайы және жалған педофилия бар. Жалғаны ешқалай емделмейді, оны ешкім ұстап қала алмайды. Оны емдеу екіталай, себебі ол психопатология. Адамдарды осындай парафилиядан қорғап қалудың жалғыз жолы - химиялық кастрация, - дейді Ирина Ким.  

Ирина Ким.jpg

Биыл бостандыққа шыққан 50 педофилдің қаншауына химиялық кастрация жасалғаны әзірге белгісіз. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке