Коронавирустан қаза болғандар саны өсуде

138757121_15808707080371n.jpg

Короонавирустан қайтыс болғандар саны өсуде. Бүгінгі мәлімет бойынша коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны 492-ге жетіп, 24 324 адам дерт жұқтырған. Тағы 892 науқастың ауруханадан шығарылған.

Бұл бір тәулікте қайтыс болғандар мен жұқтырғандардың саны бойынша рекордтық көрсеткіш. Бір күн бұрын 20,4 адамның вирус жұқтырып, 425 адамның қайтыс болғаны хабарланған.

Қайтыс болғандардың көбі Қытайдың құрлық бөлігінде. Гонконг пен Филиппинде бір адамнан қайтыс болған.

Сонымен қатар, 23,2 мың адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырды деген күдік бар. Ауырғандармен жақын қарым-қатынаста болған 185,5 мың адам бақылауда. 

Жапония жағалауында карантин жарияланып, бірнеше күн бойы тұрған круиз кемесінде коронавирустың жаңа түрі 10 жолаушыдан табылған. 

Коронавирус тарауына байланысты Қытаймен 20-дан аса халықаралық әуекомпания әуехабарламасын тоқтатты. Дүниежүзідік денсаулық сақтау ұйымының маманы Дэвид Хейменның айтуынша Қытайдан ұшып шығатын ұшақтарға тыйым салу аурудың басқа өңірлерде таралуының алдын алудың сенімді жолы емес.

2019-nCoV коронавирусының қайнаркөзі Қытайдың Ухан қаласында (Хубей провинциясы). Ауру адамнан адамға жұғады. Қытайдан басқа 24 елде ауру тіркелген. 

Ал АҚШ-тың Аллергия және жұқпалы аурулар ұлттық институтының директоры Энтони Фаучиның сөзінше, Қытайдағы коронавирус таяу уақытта пандемияға айналады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды