Зейнеткерлерге ақшалай сыйлық берілетін болды

Картинки по запросу ақша

Қазақстанда Қарттар күні мерекесі 1-қазанда тойланады. Елорда әкімдігі жыл сайынғы дәстүр бойынша зейнеткерлерге бірреттік ақшалай төлем береді, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл Қарттар күніне берілетін сыйақы 6313 теңгені құрайды. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 25 қыркүйектен бастап 1 қазанға дейін 2,5 айлық есептік көрсеткіш – 6313 теңге көлемінде төлем төлейді. Аталған төлем жасына байланысты зейнетке (әйелдер үшін зейнет жасы– 58, ерлер үшін – 63 жас) шыққандарға есептелген. Бұған дейін бұл көмек ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушыларға 30 тамыз ҚР Конституциясы күніне орай көрсетілген болатын», - деді ведомстводан. 

Зейнеткерлер ақшалай сыйлықты қалай алады?

Альфа-Банк, АТФ Банк, Центркредит банкі, Еуразиялық банк, Jýsan Bank (Цеснабанк), Halyk Bank (Халық банк), Нұрбанк, Сбербанк, ForteBank және Қазпоштадағы есепшоттарға жіберіледі. Аталған мекемелерде есепшоттары жоқ зейнеткерлер оны ашып, шот ашу туралы 20 таңбалы анықтаманы Достык көшесі, 13 («Нұрсая 2» ТК) мекен жайы бойынша тапсырулары қажет. Анықтама үшін телефондар: «Алматы» ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-22; «Есіл» ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-34; «Сарыарқа», «Байқоңыр» ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-45.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке