Еңбек министрлігі 42500 теңге алу кезінде қандай проблемалар туындауы мүмкін екенін түсіндірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев өзінің Facebook-тегі парақшасында қазақстандықтардың 42500 теңгені алу туралы жиі қойылатын сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

a708132e518ac1e9a5f4570e7e445298.jpg

Сұрақ: «Мен ЖСН енгіземін, бірақ ЖСН құжаттағы жеке куәлік нөмірімен сәйкес келмейді деп хабар келеді».

Нариман Мұқышев бұл мәселенің екі себебі бар екенін айтады:

ЖСН немесе жеке куәлік нөмірін енгізу кезінде қателесуіңіз мүмкін;

құжат жоғалған.

Сұрақ: «Сіздің өтінішіңіз жұмыспен қамту жөніндегі штабта қарастырылып жатыр. Бұл қадам бір жұмыс күнінен аспайды» дегенді қалай түсінуге болады?

"Бұл сіздің өтінім жұмыс беруші тарапынан жасалғанын және бір жұмыс күні ішінде автоматты талдауға жіберілетінін білдіреді. Бұл ақысы төленбейтін демалыста жатқан жалдамалы қызметкерлерге қатысты", - деп жауап берді вице-министр.

Сұрақ: «Сіздің өтінім төлемдерді тағайындау ережелеріне сәйкес автоматты түрде талдауда тұр (шегерімдер, БЖТ).12 сағат ішінде келесі қадамға өтеді ме?» деген нені білдіреді?

Вице-министр өз жауабында өтінімнің төлемдерді тағайындау ережелеріне сәйкестігі туралы автоматты талдау жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Алдағы 12 сағат ішінде сіздің өтінішіңіз келесі сатыға өтеді", - деді Нариман Мұқышев.

Сұрақ: «Шешім қабылдауға өтінімді қалыптастыру. Бұл қадам бір жұмыс күнінен артық уақытты алмайды ма?» деген нені білдіреді?

Вице-министр бұл кезеңде жүйе құрған электронды құжаттардың толықтығы мен дұрыстығы қарастырылып жатқандығы, істің электронды траекториясы қалыптасатындығын атап өтті. Бұл рәсім бір жұмыс күнінен аспайтындығы атап өтілді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке