Түркістан қаласына жоғары баға берді

9b595a2e8e7a6917f5d15be52b617ef1.jpg

Жақында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Түркістан қаласына  ат басын бұрып, Жобалық  кеңсенің жұмысымен танысып шықты. Мекеменің қыр-сырымен облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев таныстырып шықты. 

Жобалық кеңсе 5 негізгі базалық бағытта, яғни инфраструктураның дамуы, адами капитал, кәсіпкерлік және индустрия, агроөнеркәсіп кешені және мемлекеттік сектор, мемлекеттік қызмет көрсету мен қауіпсіздік негізінде жұмыс істейді. Кеңсеге келушілер аталған 5 бағыт бойынша өздерінің жобаларын ұсынады, ал ұсынылған тиімді жобалар рухани мекенді дамыту үшін қолданылады. Бүгінде 1300-ден аса жоба жиналып, қаралу үстінде.

Жобалық кеңесенің басты мақсаты - қағазбастылықты азайту, кәсіпкерлік саласындағы әкімшілік кедергілерді жою, мемлекеттік бағдарламаларды орындауда туындаған мәселелерді жылдам шешу. Жобалық кеңсенің негізгі бағытымен жіті танысқан Алик Жатқамбайұлы жалпы Түркістанның кәсіпкерлік саласына жоғары баға берді

Айта кетерлігі, бұл жоба - Үкімет басшысының жергілікті атқарушы органдардағы Жобалық басқару жүйесін құру туралы тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке