Қасиетті қалада қарқынды тірлік көп

59a53290f5f7c5b497985a50e992cd6f.jpg

Мәртебесі биік қасиетті Түркістанда қарқынды тірлік көп. Бүгінде облыс орталығы қат-қабат қарбалас қимылға толы. Бүкіл түркі жұрты қараған Түркістанды түлетуге тырысқан кәсіпкерлер баршылық. Әсіресе шағын кәсіпкерлік алға басуда. Соның арқасында елдің әлеуметтік жағдайы әлдене түсті.Түркістандағы индустриялды аймақтағы ала басқан тірлігінен бөлек  қала аумағында атқарылған  жұмыстар да қарқынды.

Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын өнеркәсіп саласы екені мәлім.Түркістанда өткен жылы 12 миллиард 467 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді.Әсіресе өңдеу өнеркәсібінде өрлеу баршылық. Бұл салададағы жетістік 9 миллиард 385 миллион теңгені құрады. Қаладағы ірі кәсіпорынның бірі «Яссы құрылысы» ЖШС-ның алға қойған жоспары көп.  «Бір жылға 2 миллиард теңгенің тапсырысын алып, соны орындап жатырмыз.Түркістан облыс орталығы болды. Инвестиция тартылып жатыр.Көп қабатты үйлер салынып жатыр.Солардың үстін жабатын плиталар шығарып жатырмыз.Темір-бетон бұйымдарының 35 түрі бар.Соның ішінде ауыл шаруашылығына қажетті бұйымдар бар»,- дейді «Яссы құрылыс» ЖШС өндіріс шебері Яша Идирисов.

  Мамандардың дерегінше өткен жылы индустриалды аймақтағы өндірілген өнім көлемі 1 миллиард 636 миллион теңгені құрады. Қарқынды атқарылған жұмыстардың арқасында  жалпы өнеркәсіп  өнім  көлемінің үлесі 13,1 пайызға жеткен.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке