Сапалы азық түлікпен қамтамасыз етуде

13b7e7743b03410de0beae5492b018ca.jpg

Кез-келген мемлекетте экономиканың ең негізгі тірегі – кәсіпкерлік саласы екенін айта кету керек. АҚШ экономикасын көтеруде «силикон алқабындағы» Гугл, Ютуб секілді компаниялар, Стив Джобс, Илон Маск секілді азаматтар негізін қалаған компаниялар зор үлес қосып жатыр десек қателеспеген болар едік. Тіпті, АҚШ-тағы ірі бір компанияның жылдық табысы әлемдегі бірнеше мемлекеттің жылдық бюджетнен асып түседі. Көріп отырғанымыздай, алдағы уақытта компаниялар бүтін бір мемлекеттің жүгін арқалайтын болады. Қазақстанда, оның ішінде Түркістан қаласында болашағы зор кәсіпорындар көбейіп келеді.  Әрине, ең бірінші кезекте оларға аяқтан тұрып алғанша мемлекеттен қолдау қажет.

Кәсіпорындардың көрсеткіштері де көңілге қонымды. Мысалы, өңдеу өнеркәсіп саласынының тамақ өндіру саласы бойынша биыл 7086,5 млн.теңге 102,8 пайызға жоспарланып, қаңтар-сәуір айында 879.7 млн.теңге 106,1 пайызға артық орындалды. Бұл орайда «Яссы құрылыс» ЖШС-ның нан және шұжық өнімдері цехтары, «Кәусар Нұр» ЖШС-ның диірмені, «Мұзды тау» ЖШС-ның балмұздақ өндірісі, СПК «Түркістанның» шұжық және «Ғажайып» ЖШС-ның нан және нан өнімдері өндірісін атап өтуге болады.

Аталған өнеркісіп орындары қала тұрғындарын сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Түркістандықтар сырт жаққа азық-түлік үшін көп шыға бермейді. Керісінше, сырттан саудагерлер Түркістанға келіп, көтерме бағада тауарлап алып кетіп жатады. Келер жылдары Түркістан базарлары сапалы азық-түлікке толып, тек көрші облыстар емес, алыс облыстардан да тұтынушылар келеді деп күтілуде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке