Отандық өнімді қолдануда

18dea6121c099b217fc0b098e0fc9e17.jpg

Сан ғасырлық тарихты қойнауына тығып жатқан киелі шаһар Түркістанның облыс орталығы атануы қаланың барлық салада өркендеуіне жол ашты. Әсіресе  саудаға, кәсіпке икемді келетін жергілікті тұрғындар үшін кәсіп ашуда көптеген қолдаулар көрсетілуде. 

Түркістан теміржол, автокөлік бойынша күре жолдың бойында жатыр. Сондықтан, барыс-келіс пен заттарын жөнелтіп, өзге аймақтың тауарын алуда  кәсіпкерлерге қиындық тумайды. 

Қаланың төңірегі жол, құрылыс салуға лайықты қиыршық тасқа толы. Сондықтан, құрылысқа қажетті заттарды өндіруде де бұл қала көштен қалмаған. Қазіргі таңда көне шаһарда құрылыс жұмыстары қызу жүруде. Оған жұмсалатын кейбір құрылыс материалдары өңірдегі «Ныш-Ер»,  «Стройсервис 21»,«Яссы құрылыс» ЖШС мекемелерінен алынады. 

Сондай-ақ қалада орналасқан  "Kadiris"ЖШС кірпіш өндеу зауытының да жергілікті экономикаға қосып отырған үлесі зор. Кәсіпорын жылына  10 миллион данаға дейін кірпіш шығарады. Өнімдері қала және шет аймақтарға таралуда. Қала құрылысында «Әзірет жол құрылысы»  ЖШС да өз үлесін қосып келеді. Отандық зауыт шлакоблок, жолаяқтар плиткалары, бордюрлар өндіреді. Жобаның қуаттылығы жылына  2200 мың м3 құрап отыр. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке