Сертификат алудың жайын талқылады

56b5c50252d65a4e0bba7a09bf644d8e.jpg

Түркістан қаласында кәсіпкерлерге индустриялық сертификат алу жолдары мен артықшылықтары егжей- тегжейлі талқыланған жиын өтті.  Іс-шара Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Берік Кенжебаев, тауарды сертификаттау бойынша маман Дәулетияр Әліповтың және киелі шаһар кәсіпкерлерінің қатысуымен өтті.

Кездесуді ашқан Берік Кенжебаев қатысушыларға 1 шілдеден бастап сатып алуларға қатысуда индустриялық сертификат талап етілетіндігін жеткізді. Яғни ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру ережелеріне тиісті өзгертулер енгізген. Өзгерістерге сәйкес «қарапайым заттар экономикасы» тауарларының сатып алуларына білікті жеткізушілер тізілімге енген өндірушілер ғана қатыса алады. Тізілімге енудің жалғыз критериі – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен берілетін индустриялық сертификатты иелену.

«Индустриялық сертификат иесін отандық тауарлар мен қызметтерді толыққанды өндіруші екенін растайтын өндірістік төлқұжат. Осы құжаттың көмегімен импортты алмастыру процесі сатып алуға нағыз өнеркәсіпшілерді өткізетін және өнімді импорттай отырып, «Қазақстанда жасалған» жапсырмасымен жабылатын адамдарды бөліп шығаратын тиімді сүзгі болмақ. Сертификаттаудың ерікті сипатына қарамастан, кәсіпкерлерге индустриялық сертификаттың болуы көптеген артықшылық беретінін ескере отырып, белсенді қатысуға шақырамыз. Ал біз Палата өз тарапымыздан кез келген ұсыныстар, ескертулер, кеңестер үшін әрқашан ашықпыз», – деп атап өтті Берік Кенжебаев.

Түркістан облыстық кәсіпкерлер Палатасының тауардың шығу тегін сертификаттау бойынша маманы Дәулетияр Алипов бизнесмендерге сертификат алудың әдістерін айтты.

«Индустриялық сертификаттың тауарларға рәсімделетін СТ-KZ-тен айырмашылығы өндірушіге өндірістің барлық түріне беріледі. Индустриялық сертификаттар алу үшін кәсіпорын отандық өндірушілер тізіліміне қосылу үшін электронды doc24.kz сайтында тіркелу қажет», – деп атап Дәулетияр Алипов.

      Индустриялық сертификаттың болуы түркістандық кәсіпкерлерге бірқатар артықшылық береді. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алуларға қатыса алу; «Самұрық-Қазына» холдингінің  тауар өндірушілер тізіліміне қосу; «Самұрық-Қазына» қорының алдын ала біліктілік іріктеуінде жиналған баллға 20% есептеу; сыртқы нарықта отандық тауар, жұмыс, қызмет түрлерін ілгерілетуге кеткен шығындар өтеледі.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке