Таксиден телефон ұрлап ұсталып қалды

image.png

Түркістан облысы әкімінің құққық бұзушылықтың алдын алу, тіркелген қылмыстың ашылуын жеделдету туралы тапсырмасын сарыағаштық тәртіп сақшылары талапқа сай атқарып келеді. Құқық қорғау органы қызметкерлері телефон ұрлаған күдіктіні ұстады.

Сарыағаш аудандық ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ұялы телефоны ұрлағаны жөнінде арызданған. Такси жүргізушісінің айтуынша, белгісіз тұлғалар оның автокөлігінен құны 70 мың теңге тұратын ұялы телефонын жымқырып кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша Сарыағаш АПБ СДТТБТ-не тіркелді. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәгерлерден жауап алып, сондай-ақ бейнебақылау камераларын тексерді.

Бір аптадан кейін Сарыағаш АПБ-нің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдіктіні тұрғылықты жері бойынша ұстады. Ол бұрын бірнеше рет сотты болған Сарыағаш қаласының тұрғыны болып шықты. Өз кінәсін толық мойындады.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам жолаушы ретінде жәбірленушінің таксиіне отырған, содан жүргізушінің байқамай тұрғанын пайдаланып, ұялы телефонын ұрлап, қашып кеткен. Кейін телефон ұрлаған ұры оны сатып жіберіп, ақшасын өз қажеттілігіне жаратқан. Полиция қызметкерлері ұрланған телефонды айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарды.

Өз кезегінде, Сарыағаш ауданының тұрғыны, қылмысты ашып, ұялы телефонын қайтарған Сарыағаш АПБ-нің жедел қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне сақ болуды және мүліктерін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ, салонда ұялы телефондар, құжаттар және басқа да құнды заттарды қалдыруға болмайды. Егер ұрлық немесе автокөлік ұрланса, тез арада полицияға 102 телефоны арқылы хабарласыңыз.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады